№ 14 орта мектеп директоры Әжібаева Әлия Әшкенқызын
құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз!
Әлия Әшкенқызы біздің ұжымды басқарып жүргеніне бірталай жыл өтті.Осы жылдар ішінде мектеп оқушылары мен мектеп ұжымына сіңірген еңбегі зор. Себебі, жоғарғы білімді, өз-өзіне сенімді, ұстаздық өнерге қабілетті, оқу-тәрбие үрдісінің барлық қырларын меңгерген тәжірибелі директор, өз қызметін шығармашылық пен ғылыми ізденіс негізінде ұйымдастыра білетін білікті маман.Әлия Әшкенқызы жас ұрпақ тәрбиесіне басты назар аударған –«мектеп жүрегі» .
Мектептегі әрбір мұғалімнің орны бөлек, әрқайсысы да өзіндік бір ерекшелік иегері. Осының қыр-сырын ескере отырып,Әлия Әшкенқызы білім ошағының жұмысын, дамуын дұрыс бағытқа қоя білген шебер басқарушы.
Әлия Әшкенқызы кәсіби шеберлігі шыңдалған, оқушы, ұжым, ата-аналар алдында беделді, үлгілі ұстаз.
Осыған орай № 14 ЖОМ ұжымының мұғалімдері сізге шығармашылық табыс ,отбасыңызға береке ,деніңізге саулық тілейміз! Құрбан айт мерекесі қабыл болсын!