Павлодарлық жауынгерлік «Панфиловшылар» ізденіс отряды құрамында №14 ЖОББМ алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі майор Б.Қ.Утепов, С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері бар отряд өз межелеріне жетті. Олар 251 биіктікте 1941 жылы қарашада генерал И.В. Панфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясының елікпен шайқасқан жеріне келді. Павлодарлық ізденіс отряды Волоколамдық ізденіс отрядымен бірігіп жұмыстар атқарды. Бірігіп жүргізген ізденіс барысында қызыләскерлік каска, оқтарды сақтайтын қорап, винтовка оқтары, артиллериялық снаряд қалдығы, бірнеше Ф-1гранатасы, Мосин винтовкасы табылды. Жауынгерлер мәйіті табылған жоқ. Бірақ ауа райына қарамастан, әлі алда талай жұмыстар күтіп тұрғаны жайында АӘД пәнінің мұалімі Б.Қ. Өтепов хабарлады.