2016 ж. 9-10 ақпан аралығында мемлекеттік тілде оқитын 1 сынып оқушыларына арналған кітапханамен танысу өтті.Оқушылар кітапхана сөрелеріндегі кітаптарды, энциклопедияларды қызығушылықпен қарады. Олар кітапхананың ережесімен танысып,кітаптар мен журналдардың көптігіне таңданды.Кітапханашы танымдық энциклопедиялармен, ертегілермен, «Айгөлек», «Балдырған», «Балалар әлемі» журналдары туралы кішкентай оқырмандарға әңгімелеп берді. Кездесу соңында әрбір оқушы өзіне ұнаған кітапты үйде оқуға алды.