Сенім телефоны
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Мекенжайы: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Майдан жолы» ізденіс отрядының жауынгерлерімен кездесу.
11-12-2015 01:04
«Майдан жолы» ізденіс отрядының жауынгерлерімен кездесу.
Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында №14 мектебінде 4 желтоқсан күні №12, №14 мектеп оқушылары «Майдан жолы» ізденіс отрядының жауынгерлері Майба Надежда Валерьевна мен и Рахимов Ерлан Олжаұлымен кездесті. Потанин атындағы мұражай қызметкері Майба Надежда 2005 жылы «Майдан жолы» ізденіс отрядының құрылғаны жайлы және оның мақсатымен оқушыларды таныстырды.Бұл отрядтың негізі Ұлы Отан Соғысы кезінде хабарсыз кеткендерді іздестіру,құрбан болған батырлардың есімдерін жаңғырту.Отрядтың басты міндеті ол қайтыс болған солдаттардың туыстарына қайда жерлегендері туралы хабар беріп, ескірген бейіттерді жаңарту болып табылады.Отрядтың құрамы интерноционалды жастар.Жыл сайын екі ірі металлург зауытынан – АО «Казахстанский Электролизный завод» және АО «Алюминий Казахстана» Жұмысшыларымен қатар мектеп мұғалімдері ,мұражай қызметкерлері естелік вахтасына аттанады. Ерлан Олжаұлы Рахимов өз сөзінде отрядтың қызықты жұмыстары жайлы атап өтті. «Майдан жолы» ізденіс отряды құрылғаннан бері 334 белгісіз жауынгер денесін тауып,18 ескерткіш орнатты.Сонымен қатар Ұлы Отан Соғысының 800 жәдігері табылды.Кездесу соңында ұсынылған «Майдан жолы» ізденіс отряды туралы «Ирбис» теле арнасының түсірген фильмі жиналған қауымға үлкен әсер етті.