Жүрегімнің бір бөлігін сыйлаймын
Бірінші күн- «Достық букеті» деп аталды,бұл күні оқушылар бір-бірімен танысты. Орталықтың әдіскері Нина Петровна Москаленко балаларды орталықтың шығу тарихымен таныстырды.
Акцияның екінші күні-«Менің Қазақстаным».Балалар тұзды қамырдан жұппен жұмыс барысында әртүрлі бейнелер жасады.
Үшінші күн- сайысқа қатысу болды.Мектеп оқушылары өздері жасап әкелген сыйлықтарын орталықтың балаларына тарту етті.
Төртінші күні- «Әр суретте күннің көзі». Бесінші күні-« Мен+ Сен = Біз» балалар қағаздан портрет жасаумен айналысты.
Сабақтан тыс ұйымдастырылған жоба балаларға ұмытылмас естелік пен қуаныш сыйлады.
«Самал» орталығының ұжымына шексіз алғысымызды білдіреміз.
