№ 14 орта мектебінің бастауыш әскери дайындық пәнінің мұғалімі Б.Қ. Утепов «Панфиловшылар» ізденіс отрядының жетекшісі Калужск облысының аймағында ұйымдастырылған ізденіс экспедициясынан оралып, өзінің ізденіс жолдары туралы әріптестері мен оқушылармен бөлісті.
2017жылғы Еске алу вахтасын отряд Масква түбінде Можайск ауданында Ресейлік және Қырғыстандық халықаралық ізденіс отрядтарымен өткіздік. Еске алу вахтасы аумағында отряд Колужск облысы мен Калугадағы Лаврентьев бейітінде жерленген кіші жүз ханы Арынғазы бейітіне тағзым еттік. Ол 1833 жылы жер аударылып, сол жерде жерленген.Бейіт басында құран оқылып қазақ жерінен әкелінген бір уыс топрақ салынды.
Бакытжан Кырыкушевич мектеп ұжымына экспедицияның басты мақсаты Ресей ізденіс отрядынан қызыләскер Петр Мельниковтың сүйегін қабылдау болды. Петр Мельников Павлодар облысы Қашыр ауданында 1919 жылы туып, 1943жыл калуж облысы Катачев ауылында қайтыс болған. Қайта жерлеу рәсімі Қашыр ауданы Тереңкөл ауылында өтті . Бұл 70 жылдан кейін туған жеріне оралған 3 жауынгер.
2012-2013 жылдар аралығында Ресейдің новгород ормандарынан медальондар арқылы табылған екі жауынгердің сүйегі туған жерлеріне оралды: Жумабай Бектурсунов және и Жумабек Нуркенов.
«Панфиловшылар» отрядының жауынгерлері "Біз панфиловшылар-Біз миллионбыз» деген ұран қабылдады.Олардың ерлік істері мәңгі есте сақталады. Олар біздің бақытты өмір сүруіміз үшін өз өмірлерін құрбан етті.