№14 орта мектептің Ұланбасшысы жоғары сынып оқушыларына «Еске алу жаңғырығы» атты мұражай сабағын өткізді.
Мұражай сабағы ҰОС қаза тапқан солдат Абулхаир Баймульдиннің өмірімен таныстырумен басталып, қандай майданданда қатысқаны туралы айтылды.
Мұражай қабырғасында А. Баймульдинннің қоладан жасалған бюст ашу салтанатының фотосы мен оның қызы Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртіс Жулдыз Баймульдинаның суреттерін көруге болады. Солдат Баймульдинге ескерткіш орнатқан «Майдан жолы» іздеушілер жасағының фотоларын да көруге болады.
Мұражай экспозициясында құнды құжаттар сақтаулы- марапат парақтарының көшірмелері, батырдың жерлеу жерінің бір уыс топырағы.
Сонымен қоса мұражай сабағын біздің мектептің АӘД пән мұғалімі Утепов Бахытжан Каракушевичта өткізді. Ол оқушыларды Ұлы Отан Соғысының батыры – Павел Дубовпен таныстырды.
Сабақтың келесі бөлімі Жеңіс Туу және 1945 жылы рейхстагқа ту тіккен– Рақымжан Қошкарбаевқа арналған.
Біздің мұражайдың құнды экспонаттары- Әлия Молдағұлованың жерленген жерінен әкелінген мемориалды тақта, 1944 жылдың 4 тамызында алған Кеңес Одағының Батыры атты марапат парағы, Әлия Молдағұлованың жерлеу жерінен әкелінген жауынгер каскасы мен оның жиені Сапар Молдағұловтың біздің мұражайымызға сыйлаған кітабы.
Оқушыларға “Панфиловшылар” іздеу жасағының жұмысы туралы айтты . Ұсынылған экспозициялар ҰОС жылдары Мәскеу түбінде қаза болған қазақстандық-жауынгерлерге арналған. Фотолар арасында іздеушілер жасағының суреттерін көруге болады.
Оқушыларға соғыс уақытында пайдаланылған тұрмыстық заттар мен қару жарақаттар ұсынылды.
Павлодар облысының Кеңес Одағының батырларымен таныстырды.