«Мейірімді жүрек» Қамқоршылар күні

№14 мектепте дәстүрлі түрде қамқоршылар күні өтті.
Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.оның ер жетіп өсуі,бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады,сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде жылдар бойы сақталып,мәңгі есінде жүреді. Отбасы сыйластық,жарастық орнаған орта. Отбасы –бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы-табиғат сыйлаған кереметтерінің бірі». Балаға отбасы мейірімін сыйлаған отбасылар мерекеге шақырылды. Мереке жоғары эмоцианалды сезімде өтті.