Абайлайлаңыз, жұқа мұз!
Күздің алғашқы суығымен суқоймаларындағы судың бетін жұқа мұз басады.Алғашқы мұздардың пайда болуымен төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі ұлғаяды. Балалар мұз бетімен сырғанауға , хоккей ойнап, немесе жолды қысқартуға ұмтылады. 23 қараша күні №14 орта мектепте оқушылар арналып күзгі –қысқы кезеңде су қоймаларда қауіпті жағдайларды алдын алу мақсатында «Күз-қыс кезеңінде суда судағы тәртіп ережесі» тақырыбында дәріс өтті.
Оқушылар алдында жедел құтқару жасағының құтқарушысы А.О.Фурганов сөз сөйледі. Құтқару қызметінің өкілі оқушыларға төтенше жағдайлар пайда болған кезде өзін қалай ұстау керектігі туралы ақпарат берілді. Оқушылар назарына аталған тақырып бойынша бейнеролик көрсетілді.