24 ақпан күні біздің №14 ЖОББМ мәжіліс залында рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Салт- дәстүрім таусылмайтын байлығым» атты үлкен шара ұйымдастырылды.Шараның мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі кешіміз өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.
Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші 4сынып оқушысы Хамит Алдиардың нағашы атасы, Қанат Қайроллаұлы өз қолынан шыққан қазақ қолөнерімен таныстырды.