Генерал И.В.Панфилов атындағы жауынгерлік даңқ мұражайын «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының Қазақстан халықтар ассамблеясының төрағасының орынбасары, «Жарасым» Республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Джумурбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің бас сарапшы Динара Макубаева, «Жаңғыру жолы» облыстық штабының төрағасының орынбасары Карина Мунжинская қатысты.
Қонақтарды Ұлы Отан соғысы кезіндегі 200-ден астам Невель, Новосокольник, Новоржевск аудандарынан Псков облысы, Волокалам, Можайск ауданы Мәскеу облысы, және де Зубцовск, Ржевск аудандарынан Тверь облыстарынан әкелінген экспонаттар қызықтырды.
Әскери дайындық пәнінің мұғалімі, «Панфиловшылар» іздестіру отрядының жетекшісі Б. Қ Утеповпен әңгіме барысында Карина Мунжинская мектеп экскурсоводтары Иванова Яна, Жданова Руфина,Кравцова Арина және Большакова Кариналардың дайындығын жоғары бағалады.
Тимур Джурумбаев : «№14 мектептің жауынгерлік даңқ мұражайы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке,өз елін сүюге,ерліктерін құрметтеуге үйретеді »деп атап өтті.Осындай мұражай қазақстанның әр мектебінде болуы тиіс .