«Жасөспірім. Заң. Қауіпсіздік» республикалық акциясы аясында мектеп инспекторы Ж.А. Жуматаева жоғары сынып оқушыларына құқық тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында ол қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік кодекстерінің нормалары туралы түсіндірді. Ал бастауыш сынып оқушыларына мультфильмдер мен бейнероликтер көрсету арқылы өрт және жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша үйрету сабақтарын өткізді.
Акция аясында кәмелетке толмаған балалары бар тұрмысы нашар отбасыларының үйлерін аралау жоспарлануда. 11 ақпанда мектеп мұғалімдерімен бірлесіп И.А. Иванованың пәтеріне барды және бала тәрбиесіндегі жауапкершілік туралы әңгімелесу жүргізді.
Бұл іс-шаралардың барлығы алдын алу шаралары болып табылады және оң нәтиже береді.
Аталған акция аясында мектеп мұғалімдеріне «Көп балалы және аз қамтылған отбасыларының балаларымен алдын алу жұмыстары» тақырыбында лекторий өткізілді. Өрт және басқа да төтенше жағдайларды болдырмау үшін Ж.А. Жуматаева педагогтарға жеке меншік секторында тұратын балалардың үй жағдайларына назар аудару керектігі туралы айтты.
«Жасөспірім. Заң. Қауіпсіздік» акциясы 2019 жылғы 15 ақпанға дейін жалғасады.