2019 жылғы 15 акпанда Павлодар қаласының №14 мектебінде Павлодар облысы білім беру басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының» жоспарына сәйкес «Критериалды бағалау –оқушы мүмкіндігін арттыру жолы» тақырыбындағы облыстық семинары ұйымдастырылды.Павлодар облысының ББДИО әдіскерлері Б. М. Солтанова, Н,Н, Жолдыбаева ұйымдастыруымен өткізу тәжірибесімен алмасу үшін Павлодар облысының аудандарынан және Ақсу , Екібастұз қалаларынан облыстық семинарға 80 мұғалім қатысты. Сонымен қатар 14 мектептің педагогикалық ұжымыда ат салысты. Облыстық семинар барысында жоғары аталған тақырыбы бойынша біздің мектептің бастауыш сыныптың 6 мұғалімі өз тәжірибесін ұсынды (Мұнсызова К.К. 2 Ә сынып; Өскенбай А.А. 3 Қ сынып; Қалыкова А.Т. 4 Ә сынып; Волошок О.Н 2 Б класс; Садвакасова Л.А. 3 Б класс? Абдраисова Г.В. 4 а класс ). Сабақтар жоғары деңгейде өтіп , білім беру сапасы жаңарту білім беру барысында сай екенін дәлелдеді.
Практикалық бөлімінде орыс және қазақ тілінде ОЖСБ пәндері бойынша қиындық тұғызатын тақырыптар мен оқушыларды ОЖСБ –ға тиімді дайындау жолдары туралы өз тәжірибесімен Павлодар, Екібастұз , Ақсу қалаларынан және Май ауданының Көктебе ЖОМ –нің мұғалімдері іс тәжірибелерін ортаға салды.
Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынастармен мен қатар сертификаттар берілді.