Ырғақты жаттығу
№14 жалпы орта білім беру мектебінде Бүкіләлемдік Денсаулық Күніне арналған Ырғақты жаттығу өтті. Жаттығуға таңертеңгі сағат 9.00-да 5- 11 сынып оқушылары мен мұғалімдері мектеп алаңына шықты. Республикалық таңертеңгі ырғақты жаттығу барысында оқушылар мен мұғалімдер флешмоб ұйымдастырды.
Осындай керемет іс-шараны ұйымдастырушылар, қатысушыларға тамаша көңіл-күй сыйлады.
Бұл таңертеңгілік науқанға 430 оқушы мен мұғалімдер ұжымы қатысты.