Батыр-Панфиловшының ұлымен кездесу
Павлодар қаласының № 14 орта мектебінде Ұлы Жеңіске және Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шаралар басталды.
25 сәуірде біздің мектепте 5-А сынып оқушылары көптен күткен қонақ – Яковлев Алексей Федоровичпен, батыр-панфиловшы Яковлев Федор Кузьмичтің ұлы – 316 атқыштар дивизиясының 1075 полкінің қызыл әскерімен кездесу өтті.
Біздің қонағымыз балаларымен соғыстан кейінгі қиын кезең туралы, соғыстан қайтып оралмаған әкелер, ұлдары мен ағалары туралы, ортақ қайғы-қасірет адамдарды біріктірген қиын балалық шағы туралы естеліктерімен бөлісті. Алексей Федорович мектеп Даңқ мұражайының экспонаттарын көрді,ал қоштасу кезінде балаларға бір-біріне адамгершілік және немқұрайлы болмауға тілек білдірді.