Сенім телефоны
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Мекенжайы: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жалпықазақстандық ашық диктант жазу шарасы өтті
12-09-2019 22:21
Жалпықазақстандық ашық диктант жазу шарасы өтті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2019 жылғы 13 мамырдағы №271 қаулысымен бекітілген «Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыру жөнінде 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 40-тармағына сәйкес «Мың бала» республикалық мәдениет-ағарту жобасы аясында жалпықазақстандық ашық диктант өткізу жоспарланған болатын.

Қазақстан халқы Ассамблеясы осы тапсырманы орындау мақсатында еліміздің барлық облыстарында, қалаларында 2019 жылдың 10 қыркүйегінде сағат 11:00-де латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолданып жалпықазақстандық ашық диктант өткізді.

Мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына сәйкес Республика азаматтарын жаңа әліпбимен сауатты жазуға үйрету. Осыған орай, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, студенттер, мектеп оқушылары жұмылдыра отырып, жаңа қазақ әліпбиін қолдану арқылы дәстүрлі жалпықазақстандық ашық диктант жазды.

Мемлекеттік маңызы бар шараны Павлодар қаласының  №14 жалпы орта білім беру мектебінің  оқушылары да қолдады. Мектептің 9-11 - сынып оқушылары латын қаріпіне негізделген   әліпбиін қолданып, жалпықазақстандық ашық диктант жазды. Қызықты шараға мектебіміздің 40-тан астам оқушылары қатысты. Олар латын қарпіне жазуға қызығушылық танытып, белсене қатысты. Себебі олардың ойынша, латын қарпіне көшу - болашаққа жасалған үлкен қадам.