Оқу-жаттығу эвакуация
Oқушылар арасында жеке қауіпсіздігі және қоршаған ортаның қауіпсіздігі мәселелеріне саналы және жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында. Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету дағдыларын дамыту және өрт қауіпсіздігі бойынша жұмыс жоспарына сәйкес 18 қыркүйекте №14 ЖОББМ-де оқу-жаттығу эвакуациясы өтті.
Іс-шара Павлодар қаласы ТЖ басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны А.А.Бүркітбаевтың, Павлодар қаласы ТЖ басқармасының инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Ж.М.Батырхановтың қатысуымен өтті. Мектеп директорының м.а. Масакбаева Гүлнәр Мақсұтқызы – окушыларды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.