18 қазан Қазақстан Республикасының Рухани келісім күніне
18 қазан Қазақстан Республикасының Рухани келісім күніне арналған этника аралық және конфессия аралық татулықты сақтау мен нығайтуға бағытталғын «Рухани келісім күні» атты сынып сағаттары өтті.
9 «А» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Нұртазина Әсемгүл Байдүйсеновна «Нұр-Ана» облыстық қоғамдық бірлестіктің өкілі Абдыгалимова Бақыт Еркінқызының қатысуымен дөңгелек стол өткізді.
11 «А» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Ахметова Меңсұлу Мұқашевна Конфессия аралық қатынастарды сараптау және дамыту орталығының діни экстремизм құрбандарын оңалту бөлімі жетекшісі Абитова Асия Рамзановнамен кездесті.