«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн » республикалық акция аясында мектепте 2019 жылдың 27 қараша күні кәмелетке толмаған балалар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа Павлодар қаласы «Әйелдерді әлеуметтік оңалту орталығы» ММК әлеуметтік мәселе бойынша директордың орынбасары Бельгибаева Фарида Шариповна қатысып, орталықтың қызметі жайлы таныстырп өтті. Мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Киргеева Гульнара Кабыловна ата-аналарға кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа зорлық көрсету әрекеті заң бұзушылықтың қатал жазасы туралы айтып қатаң ескерту жасады. Мектеп директорының м.а Масакбаева Гульнара Максатовна үлкендерге кәмелетке толмаған балаларға бақылауды күшейту керектігін әрі балалардың қолы бос уақыттарын қадағалап және сақтандыру шараларын қолдануды тапсырды.
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн » республикалық акция аясында