Сенім телефоны
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Мекенжайы: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Өзін өзі тану «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»
13-02-2020 10:12
Өзін өзі тану «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»

  2020 жылдың ақпанның 03 мен 12 аралығында жыл сайынғы өзін өзі тану бойынша «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» декадасы өтті. Осы мерзім ішінде жалпы адамзаттық құндылықты дамытуға бағытталған түрлі шаралар өтті.

   Кітапханада  «Мейірім төгетін ана» атты көрме ашылды, көрмеге С.А. Назарбаева жайлы ақпараттар орын алды. Орыс тілі және әдебиет пән мұғалімдері «Алтын жүрек анамыз» атты эссе конкурсын өткізді.

 Иваненко Л.В және Байцым Е.А отбасы, бейбітшілік пен достық жайлы балалар шығармашылық жұмыстарынан вернисажұйымдастырды.

   5-6 сынып оқушылары  «Менің сыныптастарым-менің достарым» атты постер шығарды. Әсіресе 5 «А» сынып оқушыларының жұмыстары ең тиімді әрі шығармашылық тұрғыдан жоғары бағаға ие болды.

 Осы мерзім аралығында әдеби кітаптар жинау пункті ашылды. Көптеген ата-аналар қарттар үйіне көптеген әдеби кітаптар мен журналдар тапсырды.

 Қоршаған ортада және өзіне деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында 12.02.2020 мектепте «Махаббат өмірдің негізі» бірыңғай сынып сағаты өтті.