Павлодар қаласының №1 ауруханасы «Короновирус инфекциясы» атты тақырыпта дәріс өткізді
«Короновирус инфекциясы»
Оқушыларды короновирус инфекциясының белгілерімен ақпраттандыру деңгейін жоғарлату және оқушылар арасында салауатты өмір салтын сақтау шараларын жүргізу мақстанда 2020 жылдың 12 наурызында Павлодар қаласының №1 ауруханасының медицина қызметкерлерінің қатысуымен «Короновирус инфекциясы» атты тақырыпта дәріс өткізілді.
Шара барысында Амина Капаровна оқушыларды аурудың жұғу жолдары мен одан сақтану жолдарын, сонымен қатар жеке бастың гигиенасы сақтау шараларын түсіндірді, бетпердені дұрыс әрі тиімді қолдану тәсілдерін айтып өтті. Сынып сағаты барысында мектеп оқушылары маңызды ақпараттармен толық танысты.