
Болашақ үшін- отбасы, мектеп, қоғам. Отбасы, мектеп,қоғам одағы- педагогиканың бір үлкен мәселесі.Ол әр дәуірде әртүрлі шешілді.Бүгінгі күні баланы қоғамнан бөлек тәрбиелеуге болмайды.Оны әлеументтілік әсерін дұрыс қабылдауға үйрету керек.Бұл бағытта мектепке көмекші отбасы болып табылады. «
Ата — аналар үшін құқықтық оқумен қамту» бқлігінде келесі сұрақтар қамтылады:
- Балалардың құқығын қорғау
- Преимущества здорового образа жизниСалауатты өмір салтының маңызы.
- Құқықтық мәдениетін қалыптастыру,заңды құрметтеу,әр тұлғаның заңды қызығушылығын сақтау.
- Мектеп пен ата-аналардың әлеументтік қарым-қатынасы.
- Право на образование в РК. ҚР білім алуға құқығы.
- Мамандық таңдау.Тұлғаның кәсіби сапасын дамыту.
- Қарым –қатынас ережесі.
« Қатігездіксіз бен зорлықсыз балалық шақ. Балалық шақты қорғау» «Ата аналар тәрбиесі» — халықаралықбұл сөз астында өз баласын тәрбиелеуде көмек деген астар жатыр.Көптеген ата-аналарбалаларды тәрбиелеу орталығы мектеп деп ойлайды.Бірақ олар қателеседі.Ол емес.Әлеументтік зерттеу бойынша бала тәрбиесіне отбасы үлкен әсер ететінін дәлелдеді.Мысалы:Отбасы - 50%, БАҚ, теледидар — 30%, мектеп — 10%, көше-10%. Қазіргі өмірде өзқұқығын білмей өмір сүру өте қиын.Ең алғашқы сабақтарын бала отбасынан алады.Оның алғашқы ұстазы мен тәрбиешісі әкесі мен анасы.Бұрыннан белгілі күнделікті отбасылық қуаныш,қайғы,жетістік,сәтсіздік –келешекте адамдарға деген адал көңіл, қамқорлықтың көзі. Отбасы балаға алғаш жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен қасірет ,еңбек пен сүйіспеншілік туралы ұғымдардың негізін қалайды.Адамның өмірлік жоспары осы отбасынан қаланады.Отбасы оның тұлға болып қалыптасуына үлен әсер етеді.Отбасында ғана бала өмірге бейімделеді.Осы отбасында бала әлемді тануы,адамдық құндылықтарды,әлеументтік нормаларды, өзінің салт-дәстүрлерін бойына сіңіреді.Баланың тәрбиесі ата –анаға байланысты болады, себебі бала ата –анасымен тығыз байланыста.Балаға адамгершілік, рухани тәрбие беру үшін ата –ана өзі сол деңгейде тәрбиелі болуы қажет. Бүгінгі күні адам құқығының маңызы зор екеніне ешкім күмән келтірмейді.Қазіргі заман адамы білім алуға, емделуге, дем алуға,саяси –әлеументтік процестерге қатысуға, бостандыққа тағыда сол сияқты көптеген іс-әрекетке құқылы екенін білеміз.Бала құқығы деген сөздің өзі қазір білім жүйесіне бірталай өзгерістер әкелді. Ата –аналар бала денсаулығына ,психикасына рухани дамуына зақым келтірмеуге міндетті.Ең маңыздысы бала жылуға толы ортада тәрбиеленуі тиіс.Біздің балаларымыздың көптеген құқықтары бар.Оның сақталуына үлкендер ғана жауапты емес,бала да жауапкершілікпен қарауы керек. Себебі оның жанында өзі сияқты құқығы бар бала бар екенін ұмытпауы тиіс.Бір адамның құқығы , бір адамға кесірін тигізбеуі керек.Ата –аналар(Заңды тұлғалар) білім беріп қана қоймай,олардың тәрбиесіне заңды түрде мінтетті. Оқушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарының міндеті:
- балаға ерте жастан рухани интелектуалды тұлға болып қалыптасының негізін салуға;
- жалпы білім алуды қамтамасыз етуге;
- өз балаларының тәрбиесі мен білім алуларына қажетті жағдайлар жасауға;
- білім беру мекемесінің Ережесін орындауға;
Өмір жиі шешімі қиын тапсырмаларды алдымызға әкеледі.Заңды білу бұл тапсырмаларды шешуге көмектеседі.Бір адамның құқығы , бір адамға кесірін тигізбеуі керек. Мектептің жұмысы –біздің балаларымыздың білім алуы мен тәрбиеленуіне,әртүрлі ерекшеліктеріне, қызығушылықтары мен денсаулықтарына байланысты қолайлы жағдай жасау.