Сенім телефоны
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Мекенжайы: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
2018-2019 жылғы Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық

2019 жылғы Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындықОрта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОБ ОЖСБ) дайындық кезінде пәндер бойынша тест спецификацияларын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу үрдісінде пайдалануға ұсынған оқулықтарды басшылыққа алу керек.

 

Тест спецификациясы – бұл тесттің жалпы сипаттамасы, тапсырманың саны мен мазмұны, белгіленген емтихан үшін нақты пән бойынша тестілеудің уақыты сипатталған құжат.

Тест спецификациясы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу бағдарламасына сай әзірленеді.

Спецификация Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен оқу бағдарламасының, емтихандар форматының өзгеруіне байланысты жаңартылады.

4-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:

  • әр пән бойынша берілген төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған, 15 жабық түрдегі тест тапсырмасы;
  • әдебиеттік оқу пәнінен оқу сауаттылығын бағалау үшін мәтіндік тапсырмалар енгізілген.

4-сынып бойынша максималды балл – 30 балл.

9-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:

  • Қазақ тілі пәнінен – бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 20 тест тапсырмасы;
  • Жалпы білім беру пәні бойынша – 40 тест тапсырмасы:

         - 25 тапсырма – берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған тест тапсырмасы, оның ішінде контекстке арналған 5 тест тапсырмасы;

         - 15 тапсырма – берілген бірнеше жауап нұсқаларынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты анықтауға арналған тест тапсырмасы.

9-сынып бойынша максималды балл – 75 балл.

11-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:

  • 1-ші пән – берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 20 тапсырма;
  • 2-3 пәндер 30 тест тапсырмасынан тұрады, оның ішінде:

         - берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 20 тест тапсырмасы;

         - берілген бірнеше жауап нұсқаларынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты анықтауға арналған 10 тест тапсырмасы.

11-сынып бойынша максималды балл – 100 балл.

Тест тапсырмаларының бағалануы:

  • бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – әрбір дұрыс жауап үшін – 1 балл;
  • бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – барлық  дұрыс жауапты анықтаған жағдайда – 2 балл;
  • бір қате жіберілсе – 1 балл;
  • екі немесе одан да көп қате – 0 балл. 

 

ОЖСБ ережелері

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында

оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

1. Осы нұсқаулық «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (бұдан әрі - ОЖСБ) ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
2. Нұсқаулық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында жүзеге асады.
3. Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның міндеттері:
1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру;
2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;
3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.
4. ОЖСБ-ны өткізу мерзімін білім саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілейді.

2. Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны өткізу

5. Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ негізгі орта, жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін:
негізгі мектепте (9 (10)-сыныптан кейін – оқытудың одан әрі траекториясын айқындау мақсатында;
жалпы орта (бейіндік) мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі.
6. Негізгі орта білім деңгейіндегі ОЖСБ білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.
7. ОСЖБ-ны өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Білім саласындағы бақылау департаменттері және Министрліктен жіберілген уәкілетті өкілдер жүзеге асырады.
8. ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында қағаз жеткізгіш сияқты қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен жазбаша тапсырмаларды қолдану арқылы өткізіледі.
9. Тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпауы тиіс.
10. 9 (10) сыныптарда ОЖСБ рәсімдеріне міндетті түрде қазақ тілі және уәкілетті орган жыл сайын белгілейтін 3 пән енгізіледі.
11. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 20.
12. Тестілеуге 4 пән бойынша 120 минут (2 сағат) беріледі.
13. ОЖСБ-ның нәтижесі әрбір дұрыс жауап үшін 1 балмен бағаланады.
14. Нәтижелерін өңдеу ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінде жүргізіледі.
15. ОЖСБ-ның нәтижелері оқушылардың назарына ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде жеткізіледі.
16. ОЖСБ-ның нәтижелерін рейтингтік зерттеу жүргізетін ұйымдар пайдалануы мүмкін.
17. Тестілеуді жүргізуге дайындық барысында оқушылармен тестілеу материалдарын толтыру бойынша түсіндіру жүмыстары жүргізіледі, ОЖСБ рәсімін өткізу тәртібімен таныстырылады.
Оқушыларға:
1) бір орыннан екінші орынға ауысуға;
2) кезекшінің рұқсатынсыз тестілеу материалдарын ашуға;
3) тестілеу материалдарын басқа оқушының материалдарымен айырбастауға;
4) калькуляторды, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесінен басқасын), электрондық жазба кітапшаларын, корректор сұйықтығын және байланыс құралдарын пайдалануға;
5) басқа оқушылармен сөйлесуге және көшіруге, шпаргалка және басқа да анықтамалық материалдарды қолдануға;
6) кезекшінің және Министрлік өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға
рұқсат етілмейді.