Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Мекенжайы: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Дарынды бала — ол кім?

Еліміздің  дамуындағы стратегиялық  міндеттерді шешуде білім беру саласына тың жаңалықтар, ұтымды шешімдер енгізу қажеттілігі –заман талабы болып тұр. Себебі 21 ғасыр ғылым мен техника ғасыры екендігі баршамызға мәлім. Осындай ауқымды мәселені шешудің негізгі тетіктерінің бірі – балалардың дарындылығын дамыту. Қазақстан әлем аренасына шығып, халықаралық деңгейде экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту үшін дамыған мемлекеттермен терезесі тең болып қарым-қатынас жасауы үшін интеллектуалды элитаны қалыптастыру ісін қолға алуда.

         Дарындылық-адам қоғамында және бір құндылық ретінде қаралатындықтан дарынды балалармен жұмыс істеу адам ресурсын барынша жақсы пайдалану болып табылатыны сөзсіз. Бұл бағытта мемлекет  тарапынан жас талаптыларды  қолдау бағдарламасы және президенттің «Дарынды балаларға арналған мектептерді қолдау мен дамыту» қаулысыжәне«Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы жасаған консепция қызмет етуде. Осыншалық маңызды істе жалпы білім беру мекемелерінің алар орны орасан зор, себебі онда барша бала білім алады да оның ішінде дарынды балаларда отырады. Оны байқамау, оның патенциялын дамытуға мүмкіндік бермеу қылмыспен тең әрекет. Ал соншама баланың ішінде табиғи дарынын қалай байқауға, дамытуға болады.

      Дарынды оқушыларды анықтауда назар аударатын басты ерекшеліктері :
1.Дарынды бала шапшаң және өзгеше ойлайды. 
2.Көп көлемде білім меңгереді, алған білімін қолдана біледі. 
3.Таным, түсінігі жоғары
4.Дарынды оқушының физикалық тұрғыдан ерекшелігі: дамудағы шапшаңдылық, қиял-күшінің басымдығы. 
5.Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан өзгешелігі: сезімтал, толыққанды, аңғарлы болуы. 
6.Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан өзгешелігі: сезімтал, толыққанды, аңғарлы болуы. 
            Дарынды баланы анықтау және онымен жұмыс істеуді ұйымдастыру. Дарынды балалардың бір-бірінен айырмашылығы болғанымен, кейбір ортақ ерекшеліктеріде бар. Дегенмен ғылымда бала дарындылығын анықтайтын кей бір әдістер бар.

Олар:

— Аналитикалық(Жаппай әдіс)

— Түрлі тесттер

— Анкеталар

— Ата-ананың әңгімесі

— Мұғалімнің мінездемесі

— Диагностикалық әдіс. 

Дарынды балалармен жұмыс істеу мазмұны

— Мектептегі айрықша қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау, қолдау.

— Дарынды балалармен тұрақты, жүйелі жұмыс жасап, олардың табиғи қабілетін ашу, дамыту.

— Дарынды балалардың күнделікті сабақта алған білімі мен іскерлігін үнемі назарда ұстау.

— Дарынды баланың пәнге қызығушылығы қаншалықты деңгейде екендігін анықтап, пән олимпиадаларына қатыстыру.

— Оқушының білім-біліктілігін анықтай отырып, деңгейлік тапсырмалар беру.

-   Шығармашылық ізденісін шыңдау бағытында қандай қосымша әдебиеттер пайдалану қажеттігіне кеңес беріп отыру.

Дарынды балаларды анықтау  жолдары

1. Дискуссия туындайтын жағдай жасау.

2. Сабақ үстінде экстрималдық жағдайлар (ситуациялар) туғызу.

3. Ойындар ұйымдастыру (КВН, сайыс, дебат, т.б).

4. Топтық жұмыс ұйымдастыру.

5. Творчествалық потенциалын зерттейтін тәсілдер жүргізу.

6. Әр оқушыға өсу деңгейін көрсететін мониторингтер жасау.

7. Деңгейлеп оқыту.

8. Жеке тапсырмалар беру.

Дарынды балалармен жұмыс істеуде нені ескеру керек?

Балалардың пәнге қызығушылығын, білуге құштарлығын нақты  анықтау.

Балаға тапсырманы деңгейлеп беріп, зейінін тұрақтандыру қажет.

Баланың мінезін – құлқын ерекшелігін білу.(Нені ұнатады, нені ұнатпайды,қай кезде білімді жақсы меңгереді, қай кезде шаршайды? т.б)

Баланың бір қалыпты, жүйелі жұмыс жасауына көңіл бөлу.

Берілген тапсырманы бірлесе талдау.

Бала қызығушылығына қолдау көрсету, орынды кеңес бере білудің маңызы зор.

*Нәтиже қайдан көрінеді?
 -Пәндік олимпиадалар; 
- Сайыстар, конкурстар ;
 -Мерекелік шаралар ; 
- “Дарын” және KFA -да жоба қорғау; 
 -Қоғамдық жұмыстар ; 
 -Озаттар санының өсуі ;
 -“Алтын белгі”, ерекше аттестат ; 
 -ҰБТ көрсеткіші; 

Дарынды балалармен жұмысты тиімді ұйымдастырғанда ғана нәтиже оң болады.