«Балалар әлемді бейнелейді!» суреттер көрмесі.
2020 жылдың 4 қарашасынан бастап мектепті жас суретшілердің «Балалар әлемді бейнелейді!» аттышығармашылық жұмыстары көркейтіп жіберді. Көрме «Бала құқығы – адам құқығы» ақпараттық кампаниясы аясында ұйымдастырылып, Дүниежүзілік бала күніне арналған. Әсіресе, шараға 3В және 4А сынып оқушылары белсене ат салысты. Бірақ та, 1Б, 2 А, 2В, 2Г, 5 А, 8 А, 9Б, 10 сынып оқушылары да қалыспады. Аталған іс – шараның мақсаты - өскелең ұрпақтың өмірлік құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыру, сондай-ақ балалар шығармашылығын насихаттау.