Қаланың ата-аналар қауымдастығымен прокуратура қызметкерлері мен полиция департаменті қызметкерлерінің кездесуі
2025 жылғы 24 қаңтарда мектеп ата-аналары Павлодар облысының прокуратурасы мен Павлодар облысының полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша, жалпықалалық іс-шараға қатысты. Жиын барысында ата-аналар кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған құқық бұзушылық статистикасымен танысып, құзыретті мамандардың ұсыныстарын тыңдады.


