“Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқытудың белсенді әдістері” тақырыбында теориялық семинар
Бүгін жас мамандар мектебінің жұмысы аясында тәлімгер Жұлдыз Қайыргелдіқызы Испулганова “Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқытудың белсенді әдістері” тақырыбында теориялық семинар өткізді. Онда семинарға қатысушылар сыни ойлауды дамытудың кейбір технологиялары мен стратегияларымен танысуға мүмкіндік алды. Жас педагогтар оқытудың белсенді әдістерін қолдану мәселелеріне қызығушылық танытты. Бұл технологияларды жас мамандар сабақтарда қолданады деген сенімдеміз.
