✨ 26 қараша күні мектебімізде – кәсіби өсу мен шеберлік күні өтті!
✨ 26 қараша күні мектебімізде – кәсіби өсу мен шеберлік күні өтті!
«Педагог-зерттеуші» және «педагог-эксперт» санаттарына аттестациядан өтіп жатқан мұғалімдер ашық сабақтар өткізіп, өздерінің кәсіби дағдыларын, әдістемелік шеберлігін және шығармашылық көзқарасын көрсетті.
Сабақтар барысында оқытудың заманауи әдістері, оқушылармен жұмыс істеудің белсенді формалары, сыни ойлауды дамыту мен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру тәсілдері ұсынылды. Әрбір сабақ педагогикалық мәдениеттің жоғары деңгейін және үздіксіз дамуға деген ұмтылысты айқын көрсетті.



