Наурыз
![Наурыз](/media/img/blogs/5159254fa5c8e.jpg)
Тілді қолданып дамыту,оның аясын кеңейту мақсатымен наурыз айында біздің мектебімізде қазақ тілі апталығы өтті.Апталықтың әрбір күні қызықты іс-шараларға ,ашық сабақтарға толы болды.
Наурыз мейрамында мектеп оқушылары біздің ықшамауданымызда мерекелік концерт қойып,көрермендерге Наурыз көже туралы ақпарат беріп, көженің дәмін татқыздырды.Концертте балалар ұлттық киім киіп,қазақ тілінде ән айтты,би биледі.