Астана қаласына саяхат
Өткен жазда мектеп бүлдіршіндері Ахметова Мәнзия Ермекқызының жетекшілігімен «Біздің ауланың балалары» атты қалалық сайысқа қатысып, І орынға ие болды.Сол үшін жеңімпаздарымыз Астанаға тегін жолдама ұтып алды.
№14 ЖОМ-нің әкімшілігі Павлодар қаласының білім беру бөліміне және "Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығы" МҚКК-на оқушыларымыздың Елордамыз-Астанаға саяхатқа баруын ұйымдастырғаны үшін өз алғысын білдіреді.