«Тіл сыры»
Үш тілді үйрену мақсатында біздің мектепте әр түрлі жағдайлар туғызылып жүр.«Сегіз қырлы ,бір сырлы»тұлға болып қалыптасуына жол ашық.№14 мектепте бірнеше жыл үш тілде сөйлеу мәселелерін шешу үшін математика ағылшын тілінде ,биология қазақ тілінде жүргізіліп келеді.
Осы мақсатты көздеп қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері 10-11 сынып оқушылары үшін «Тіл сыры» атты дөңгелек үстел шарасын өткізді.
Қатысушылар үш тілде сөйлесіп,қай тілді үйренуге болады,ол үшін біздің мемлекетімізде қандай жағдай жасалып жатыр,әлемдегі тілдерді дамытудағы мәселелерін талқылап шықты.Қызықты және маңызды пікірлерін ортаға салып тіл сыры туралы сөз қозғады.