Сенім телефоны
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Мекенжайы: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Көптілділік онкүндігі
18-05-2016 02:46
Көптілділік онкүндігі
№ 14 орта мектебінде Көптілідлік онкүндігі аталып өтті. Онкүндікте барлық әдістемелік бірлестіктер қатысты. Бұл шара жылдан-жылға аталып өтетін дәстүрлі шараға айналды.Онкүндік барысында 24 іс-шара ұйымдастырылды.Шараның басты мақсаты оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру, танымдылық,шығармашылық белсенділіктерін арттыру болып табылады.Шет тілдер ӘБ мұғалімдері онкүндік барысында 5-7 сынып оқушылары үшін “English Culture”; бағдарламасын ұйымдастырды.Бағдарлама оқушыларға Ұлыбритания тарихын,дәстүрін табиғатын, корольдік отбасымен таныстыруды көздеді. 006 Оқушыларға тәлім слайт бағдармасы арқылы көрсетілді.Сайыс үш тілде өтіп, оқушылардың түсінігін, оқуын, сөздердің лексикалық мағыналарын ашуды талап етті. Ағылшын тілі мұғалімі Попова.О.В мен информатика мұғалімі Антонова А. А.онкүндік барысында «Қауіпсіз интернет» атты 9 А сыныбында акциялық шара ұйымдастырды. «Reality – show: For and against computer» (Реалити – шоу «За и против использования компьютера»), шарасы қазіргі кездегі ең күрделі сұрақтың аумағында өтті.Оның мақсаты компьютерді дұрыс пайдалану,ағылшын тілін дұрыс қолдану, дұрыс сөйлеу болды.Оқушылар өздері сценарий құрастырып,рольдерді бөліп,шара өтетін орынды безендірді.Түсірілген бейне материалдан оқушылар , бейне фильм жасады. Шара соңынан кейін оқушылар алған әсерлері жайында ортада бөлісті. Орыс тілі мен әдебиет ӘБ мұғалімдері өз онкүндігін И.А.Буниннің «Полуночная зарница»атты әңгімесіне бірыңғай диктант жазудан бастады.Ол шараның басты мақсаты : оқушылардың орфографиялық, пунктуациялық сауаттылықтарын қалыптастыру.7-8 сынып оқушыларына мектеп кітапханасында «Сөздікте қонақта» тұсау кесері ұсынылды.Оқушылар антонимдік, синонимдік,омонимдік, шетел тілдік,түсінік, этимологияляқ сөздіктердің түрімен мазмұнымен танысты. Кітапханашы Мосягина Наталья Фёдоровна мен орыс тілі мұғалімі Татьяна Владимировна балаларға арнайы дайындалған кітапхана қорының сөздіктер көрмесін ұсынды. «Білім Аукционы» мен «Атақты лингвистыер» дөңгелек үстелін орыс тілі мұғалімі Пономаренко О.В. 11- 9 сынып оқушылары үшін ұйымдастырды.Шараның мақсаты орыс тілін білуде, лингвистикалық және коммуникативті құзыреттіліктерін қалыптастыру.Онкүндік 5 -6 сынып оқушыларына арналған «Әлем ертегілері беттерінен» атты блиц-турнирмен аяқталды. 004 Қазақ тілі мен Әдебиет ӘБ мұғалімдері көптілділік онкүндігін мемлекеттік тілді насихаттаудан бастады. 5-11 сынып оқушыларының арасында мемлекеттік тілді білу сайысы ұйымдастырылды.Шара барысында оқушылар қазақ тілінің салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін,әдебиетін слайттық бағдарламалар арқылы ұсынды.Бұндай шаралар оқушылардың тілге деген қызығушылықтарн оятып,тілге деген құрметтерін көрсетті. Оқушылар мемлекеттік тілде сахна қойылымдарын жасап, өлең, тақпақтар оқыды. 001 Бастауыш сынып ӘБ алғашқы мерекелерін мәжіліс залында өткізді.Сахна төрінен балалар үш тілде өлең айтып, би билеп, викторина сұрақтарына жылдам да, дұрыс жауап беріп жиналған халықты өз өнерлерімен тапқырлықтарымен тамсандырды.Шара кезінде «Менің Отаным Қазақстан» слайттық бағдарламасы ұсынылды.Бұл бағдарламада Қазақстанның жетістіктері мен жаңалықтары тамаша үйлескен. 002 ХЭЦ ӘБ мұғалімдері өз сабақтарында ақпараттық минут өткізді.Технология пәнәнің мұғалімі Нуркенов Е.Ж. сабағында мектеп ауласындағы ағаштарды үш тілде атауын шағын фильм түр інде ұсынса, мұғалім Иваненко Л.В әр ұлттың амандасу әдебіне шолу сабағын өткізді. Өткізілген сабақтар оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын оятты. 003 Қазақ бастауыш сыныптары ӘБ күні бастауыш сынып мұғалімдері Мунсызова Н.К., Калыкова А.Т., Бейсенбаева А.П., Шанашова А.Б. «Бәйге», «Асық ату», «Арқан тарту», ұлттық ойындары мен бірге өзге ұлт өкілдерінің де «Петушиный бой», «Волк и козлята», ағылшын ойыны «Гольф» ойындарын ұйымдастырды.Бастауыш сынып оқушылары үшін бұл күн өте қызықты . Жаратылыс тану және математика мұғалімдерінің ӘБ «Қызықты математика» ойынын үш тілде ұйымдастырды. Ойын 7 сайыстан тұрды.Ойынның мазмұны тақырып талабына толық сәйкес келді. Қатысушылар математикалық термин сөздерді үш тілде атап өтуі қажет , сонымен бірге оған толықтай түсініктеме де берулері шарт. Ойын өте қызықты тартымды өтті,әділқазы алқалары өздерінің әділ бағаларын берді.Жеңімпаздарға «5» пен «4» деген бағаларға сертификат тапсырылды. Осындай қарқынмен қызықты тапсырмалармен, сайыстармен көптілділік онкүндігі өз мәресіне жетті.Бұл шараға түгел мектеп оқушылары мен мектеп ұжымы белсене ат салысты.Шара барысында ұжымның кәсібилігі, ұйымшылдығы,оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығы өте жоғары деңгейде екені байқалды.