«Жаным толған жақсылық»
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда эстетикалық және патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында №14 орта мектепте Павлодар облысының көркем мұражайының көшпелі көрмесі өтті.
Оқушылар өнер әлеміне саяхаттап, зор қуанышқа кеңелді. Оқушылардың алдында экспозициялық-көрме бөлімінің бастығы Майя Бугубаевна Хусаинова сөз сөйледі. Отандық суретшілердің қазақ халқының тұрмысын, туған қаланың пейзаждарын бейнелеген картиналар оқушыларға қатты әсер етті.