Г.Н. Потанин атындағы мұражай
Көктемгі демалыс күндері сынып жетекшілерімен бірге 5 А, 7А сынып оқушылары Г.Н:Потанин атындағы облыстық тарихы- өлкетану мұражайына барып, Отырар мемлекеттік археологиялық мұражай- қорығының «Қамалы бекем, халық қайсар Отырар» атты жылжымалы көрмесін тамашалады.
Осы көрмеде оқушылар өте сирек кездесетін III – XVIII ғасырдың археологиялық жәдігерлермен экспонаттарды көре алды.Оның ішіңде үй жабдықтардың заттары, қыш шамдар,қытай фарфоры, еңбек құралдары және әр заманнан тиындары.Көрме көрген оқушылардың өз елінің тарихына қызығушылық туды.