Сенім кабинеті
![Сенім кабинеті](/media/img/blogs/5f65a995c7da5.png)
Ата-анаңызбен сөзге келіп қалдың ба? Достарыңмен тіл табыса алмайсың ба? Өз мәселелерің бойынша бөлісетін адам жоқ па? Іштен тынба, өзіңе тұйықталма-бізге кел! №14 ЖОМ сенім кабинеті сен үшін ашық. Кәсіби мамандар әрқашан қиын уақытта тыңдауға және көмектесуге дайын. Мұнда сіз психологиялық және құқықтық көмек ала аласыз.
Қабылдау кестесі
Сейсенбі – заңгер немесе құқық қорғау ұйымының қызметкері, медиатор күні.
Сәрсенбі – әлеуметтік-психологиялық көмек күні.
Жұма – дәрігерлік көмек күні.
Анонимділікке кепіл беріледі.