Сенім телефоны
8(7182)683500
Мекенжайы: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Басшының парағы

                                          Байсултанова Гульжан Муратхановна 

 

Павлодар облысы білім басқармасының Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ №14 ЖОББМ басшысы болып Байсултанова Гульжан Муратхановна тағайындалды. «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» республикалық жобасын іске асыру аясында Байсултанова Г.М. басшыларды іріктеу және даярлау бағдарламасынан сәтті өтті. Оқу қорытындысы бойынша республикалық кадр резервіне алынып, бұл сертификатпен расталды. Гульжан Муратхановна — тәжірибелі маман, жұмыс өтілі 17 жыл, білімі жоғары. 2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы білім басқармасының Павлодар ауданы білім беру бөлімінің «Шақат орта жалпы білім беру мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 

                         Қабылдау кестесі: Сәрсенбі сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін

         

            Мен Сіздерді Павлодар қаласының №14 жалпы орта білім беру мектебі сайтының бетінде қарсы алуға қуаныштымын.

          Паспортқа сәйкес, мектеп өз жұмысын 1961 жылы бастады, оның даму тарихы – бұл қала тарихының қызықты беттерінің бірі.

           Біз мектепте көп жыл бұрын қалыптасқан дәстүрлерді сақтаймыз. Біздің оқушылар мен педагогикалық ұжым рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беру бойынша әр түрлі деңгейдегі дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды. Бізде Кеңес Одағының Батыры И. В. Панфилов атындағы тамаша жауынгерлік даңқ мұражайы бар,онда қызықты экскурсиялар, сынып сағаттары және тіпті сабақтар өтеді. Біздің көптеген оқушылар қосымша білім беру бөлімінде бар әр түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысады, соның арқасында мектеп бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. 

          Біз балалардың барлық қажеттіліктерін ескеруге және олардың таланттары мен қабілеттерін дамытуға тырысамыз. Біз мақтан тұтамыз: жыл сайын біздің оқушылар мен мұғалімдер қалалық, облыстық, республикалық конкурстар мен жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болады. Бізде оқу қызықты деп сеніммен айтуға болады.     

                                                       Біздің мектебімізге қош келдіңіз!

                      Құрметпен, мектеп директоры Байсултанова Гульжан Муратхановна  .